Ойыншықтың ішіне тыққан: шетелден есірткі затын күтіп алған адам 10 жылға сотталды

2023 жылдың соңында алқабилер ірі көлемдегі есірткі контрабандасымен айналысқан азамат А.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды.

Олардың үкімі бойынша кінәлі азамат  10 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды,  деп хабарлайды Aiqyn.kz.

"Мемлекеттік айыптаушы сотқа бұл азаматтың АҚШ-тан халықаралық пошта жөнелтілімдері арқылы ішіне есірткі салынған балалардың ойыншықтарына тапсырыс бергені және алғаны туралы бұлтартпас дәлелдер келтірді, есірткі Қазақстан аумағында сату және одан материалдық пайда табу мақсатында алынып келген",  делінген Бас көлік прокуратурасының хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.