Ұсталған азамат Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінген.
Қарағанды облысында халықаралық іздеуде жүрген ұры ұсталды
1,676
оқылды

Оны 19 қаңтар күні Қарағанды және Михайлов полиция бөлімінің криминалдық полиция және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері ұстады, деп хабарлайды Aiqyn.kz.

Жүргізілген кешенді жедел-іздестіру шаралары барысында қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінен халықаралық іздеуде жүрген 33 жастағы күдікті қолға түсті. 

Тергеу әрекеттері барысында азамат Қарағанды қаласында жасаған үш қылмысы бойынша мойындау көрсетпе белгілерін берді. 

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.