Қарағандыда көлік жүргізушісі жол ережесін сақтамаған.
Қарағандыда көлік пойызбен соқтығысты: қаза тапқандар бар
Фото: Видеодан скриншот
1,651
оқылды

Бүгін таңертең теміржол өткелінде жабық тұрған шлагбаумды айналып өткен. Бұл туралы Aikyn.kz Қарағанды облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Апат салдарынан екі адам қаза тапты. Үш адам ауруханаға жеткізілді.

«31 жастағы «Лада Приора» автокөлігінің жүргізушісі Саран тасжолымен Костенко шахтасы жақтан «Тойота орталығына» қарай келе жатып, реттелетін теміржол өткелінде жабық шлагбаумды айналып өтіп, тепловоз жүріп бара жатқан теміржол өткелінен өткен. Апат салдарынан автокөліктегі екі жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Көліктің жүргізушісі мен тағы үш жолаушы аурухана жеткізілді», – деді ПД өкілі. 

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.