Францияның Бельфор қаласында әйгілі «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі және қазақ өнерінің інжу-маржаны «Гүлдер» ансамблінің қатысуымен «Дала әуендері» атты концерт өтті.
Францияда қазақ әуендері шырқалды
699
оқылды

Қазақ өнерпаздарының кон­церт­тік бағдарламасы Бельфор за­лы­ның ресми кестесіне енді. Бұл – өте сирек кездесетін сәт. Сондықтан зал көрерменге лық толды. «Тұран» этно-фольклорлық ансамблі Бель­форда екінші мәрте өнер көрсетуде. Бұл жолы жергілікті тыңдарман көп болды. Сондай-ақ аты аңызға ай­нал­ған «Гүлдер» ансамблінің жаңа құрамы франциялық қауым үшін жаңалық болды. 

– Ол біз үшін бір мәртебе, жа­уап­кер­шілік және үлкен қуаныш. Өйткені біз осындай атақты, белгілі «Тұран» ансамблімен бірге шық­қаны­мыз – бізге емтихан. Шығарма­шылық бақыт деп айтуға болады, – деді «Гүлдер» ансамблінің бас ба­летмейстері Анвара Әріпқызы.

Ұлттық аспаптарда дәстүрлі әуен­деріміз орындалды. Мың бұ­рал­ған бишілеріміз бен әншілеріміз жырдан  шашу шашты. Сахнадағы көгілдір экраннан еліміздің көрікті жерлері көрсетілді. Концертке жи­налған қауым Қазақстанға виртуал­ды саяхат жасағандай әсерде болға­нын ерекше таңданыспен айтты.