Премьер-Министр бұл туралы Үкімет отырысында айтты.
Халықты құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмады – Әлихан Смайылов
787
оқылды

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет отырысында Алматыдағы жер сілкінісі кезінде халықты құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Көргеніміздей, ТЖМ-нен бастап әкімдіктерге дейін мемлекеттік органдардың бүкіл қызметтері болған оқиғаға әрекет ете білді. Бақытқа орай, қаза тапқандар мен салмақты шығын жоқ. Бірақ зардап шеккендер бар»,  деді Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол шұғыл жағдайда халықты құлақтандыру қызметі әлсіз болғанын сынады.

«Адамдар уақытылы ақпараттандыру мен айқын әрекет болмағандықтан, байбаламға бой алдырды. Олар 2, 3-қабаттан секіріп, ойсыз әрекеттерге барды. Бұл құлақтандыру жүйесі дер кезінде іске қосылмағанын, халыққа барынша ерте хабарландырулар таратып, хабарландыру керек болғанын көрсетеді»,  деді Әлихан Смайылов.