Күдіктіден синтетикалық есірткінің рекордты партиясы тәркіленді.
Алматыда есірткі дайындап жатқан ер адам қылмыс үстінде ұсталды
847
оқылды

Алматыда Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері есірткі дайындап жатқан ер адамды қылмыс үстінде ұстады,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Күдіктіден синтетикалық есірткінің рекордты партиясы тәркіленді. 1997 жылы туған азамат Алматы қаласында жалға алынған жеке үйде психотропты заттарды дайындап, есірткіні сатумен айналысқан.

Тінту кезінде күдіктіден 200 келіден астам «мефедрон» есірткісінің дайын өнімі мен 100 литр шикізаты табылды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің хабарлауынша, күдіктінің зертханасы елдегі үлкен зертхананың бірі болған деуге негіз бар. Өйткені, мұндай көлемдегі есірткі елде ең ірі зертханада ғана жасалады.

«Мефедронның» көлемі шамамен 610 мың бірреттік дозаға эквивалентті. Есірткілер еліміздің жер-жеріне сату үшін ғана жасалған.

Сот шешімімен күдікті уақытша қамау изоляторына қамалды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.