Жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар – жарылыс, өрт болуы мүмкін.
Төтенше жағдай кезінде жанармай құю стансасына бару қауіпті – сейсмолог
Фото: dzen.ru
762
оқылды

Жер сілкінісі сияқты төтенше жағдайлар кезінде жанармай құю стансасына бару қауіпті. Бұл туралы брифинг барысында Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының директоры Дәулет Сәрсенбаев айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Мамандардың айтуынша, жер сілкінісі кезінде жанармай құю бекетіне бармаған жөн. Себебі  жойқын жер сілкінісі жағдайында қайталама факторлар  жарылыс, өрт болуы мүмкін.

«Қандай да бір себеппен біздің азаматтар ресми дереккөзден алынған мәліметтерге сенбейді. Ең алдымен ресми ұйымдарға  ТЖД, құтқару қызметі, жергілікті атқарушы органның мәліметіне сенуге шақырамын. Адамдар көрші чаттарына емес, өз ісімен айналысатын мамандарға сенуі керек. Біздің міндетіміз  журналистермен бірлесіп, азаматтарға ресми деректерді жеткізу. Қоғамда төтенше жағдайларға ден қою мәдениетін енгізу қажет»,  дейді Дәулет Сәрсенбаев.