Зілзала Алматыда сезілген жоқ.
Қырғызстан аумағында тағы жер сілкінді
963
оқылды

Алматыда бүгін түні бойы афтершоктар үзілген жоқ. Түнгі екіден бері үш рет болған. Қазір де сейсмикалық стансалар желісі тағы бір жер сілкінісін тіркеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл жолғы дүмпу таңғы сағат 08:39 кезінде болды.

Негізгі ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 212 шақырым жерде, Қырғызстан аумағында.

Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.3. MPV магнитудасы – 4.4.

Тереңдігі – 10 шақырым. 

Бірақ Алматыда сезілген жоқ.

Жалпы кейінгі 3 жер сілкінісін де алматылықтар сезбеді.