30 жастағы әйел оқиға орнында бірден көз жұмған.
Екібастұзда жүкті әйел биіктен құлап қайтыс болды
706
оқылды

Екібастұз қаласында жүкті әйел биіктен құлап, мерт болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 23 қаңтарда түнгі сағат 01:42-де әйелдің биіктен құлағаны туралы қоңырау түскен.

«Медициналық бригада шақыртудың бірінші санаты бойынша шықты. Жедел жәрдем бес минутта жетті. Оқиға орнында 30 жастағы жүкті әйелдің мерт болғаны анықталды», – деді станцияда. 

Полиция департаменті аталған оқиға жөнінде әзірше түсінік берген жоқ.