Басшылық пен қызметкерлер ЖШС филиалдарында бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтар кешенін сатып алуға бөлінген ақшалай қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.
Астанада Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары ақша жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: Halyq Uni
1,694
оқылды

«Қазақстан темір жолы» «ҰК» АҚ «Әскерилендірілген теміржол күзеті» ЖШС Бас директорына, Бас директордың орынбасарына және цифрландыру бөлімінің менеджеріне қатысты қылмыстық істің тергеуі аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Бұл туралы Антикордың ресми өкілі Арман Тілеукенов мәлімдеді.

«Басшылық пен қызметкерлер ЖШС филиалдарында бейнебақылау жүйесіне арналған жабдықтар кешенін сатып алуға бөлінген ақшалай қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді. Аталған тұлғалардың барлығы сотқа берілді», – деді ол.

Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.