Полицейлер жедел іздестіру барысында қала аумағында синтетикалық есірткі сатты деген күдікпен 25 пен 22 жастағы Астана қаласы мен Павлодар облысының тұрғындары анықтады.
Атырауға есірткі сату үшін арнайы келген қыздар ұсталды
Фото: gov.kz
851
оқылды

Күдіктілердің тұрғын үйін тексеру кезінде 1 дана орама және қала аумағында жасырын тығылған 29 орама есірткі тәркіленген.

Сараптама қорытындысымен алынған 1 дана орама заттың құны 5 млн теңге болатын 300-ге жуық доза болатын а-PVP синтетикалық есірткісі екені анықталды. Тексеру кезінде күдікті қыздардың Атырау қаласына 2023 жылдың қараша айында синтетикалық есірткі сататын интернет дүкеніне жұмысқа орналасу мақсатында келгені белгілі болды.

Қазіргі уақытта күдіктілерге қатысты  сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Баян Жанұзақова