Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросында болды.
Сенаторлар еліміздегі демографиялық жағдайды зерделеді
805
оқылды

Талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін демографиялық өсудің маңызы.

«Бала туудың көбеюі мен өлім-жітімнің азаюы халық санының арта түсуіне – тұрақты демографиялық өсуге алып келеді, бұл ел экономикасының дамуына және халықтың әл-ауқатының жоғарылауына ықпал етеді. Біздің ойымызша, Үкімет қана емес, осы мәселеге тікелей қатысы бар еліміздегі барлық мемлекеттік органдар, осы саланың әрбір маманы еліміздің қазіргі демографиялық жағдайдағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуге міндетті», - деді Нұртөре Жүсіп.

UNFPA-ның Халықты дамыту және гендерлік мәселелер жөніндегі ұлттық бағдарламасының Қазақстандағы елдік кеңсесінің өкілі Ғазиза Молдақұлова белсенді және салауатты ұзақ өмір сүру қазақстандық қоғам дамуының маңызды негізі болуы тиіс екенін атап өтті. Кездесу барысында Қазақстанның демографиялық, әлеуметтік, экономикалық және мәдени-тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, басқа мемлекеттердің тәжірибесін пайдаланудың маңыздылығы талқыланды.

Сенат комитеті бұл кездесуді «Демографиялық өсу – ұлттың бәсекелестік артықшылықтарының негізі» тақырыбына арналған Үкімет сағаты тақырыбында Үкіметтік сағатқа дайындық аясында ұйымдастырып отыр.