Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым коми­тетінің депутаттары Қазақстан Республикасы Стратегиялық жос­парлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статисти­ка бюросында болды. Талқыланған негізгі тақырыптардың бірі – мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін демографиялық өсудің маңызы.
Еліміздегі демографиялық жағдайды зерделеді
713
оқылды

«Бала туудың көбеюі мен өлім-жітімнің азаюы халық саны­ның арта түсуіне – тұрақты демографиялық өсуге алып келеді, бұл ел экономикасының дамуына және халықтың әл-ауқатының жоғарылауына ықпал етеді. Біздің ойымызша, Үкімет қана емес, осы мәселеге тікелей қатысы бар еліміздегі барлық мемлекеттік орган, осы саланың әрбір маманы еліміздің қазіргі демографиялық жағдайдағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде жүйелі жұмыс жүргізуге міндетті», – деді Нұртөре Жүсіп.

UNFPA-ның Халықты да­мыту және гендерлік мәселелер жөніндегі ұлттық бағдарламасы­ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің өкілі Ғазиза Молдақұлова бел­сен­­ді және саламатты ұзақ өмір сүру қазақстандық қоғам да­муы­­ның маңызды негізі болуы тиіс екенін атап өтті. Кездесу бары­сында Қазақстанның де­мо­­гра­фиялық, әлеуметтік, эконо­ми­калық және мәдени-тарихи ерекшеліктерін ескере отырып, басқа мемлекеттердің тәжірибесін пайдаланудың маңыздылығы талқыланды.

Сенат комитеті бұл кездесуді «Демографиялық өсу – ұлттың бәсекелестік артықшылықтарының негізі» тақырыбына арналған Үкімет сағаты тақырыбында үкіметтік сағатқа дайындық аясында ұйымдастырып отыр.