Жедел шара барысында 127 құқықбұзушылық анықталды.
Астанада автобус паркінің лауазымды тұлғалары жауапқа тартылды
2,268
оқылды

Елордада жолаушылар тасымалы саласындағы заңнаманы сақтау және олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша «Автобус» республикалық жедел алдын алу шарасы өтіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Жедел алдын алу іс-шарасын жүргізу кезінде 667 автобустың жылыту жүйесінің техникалық жағдайына, электр жабдығына және басқа да бұзушылықтарға сәйкестігі тексерілді.

Тексеру нәтижелері бойынша автобус парктерінің 7 лауазымды тұлғасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Жедел алдын алу іс-шарасының екі күнінде жолаушылар тасымалдаушыларының 127 әкімшілік бұзушылығы анықталды. Жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін 2 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылса, тиісті рұқсатсыз қайта жабдықтаудың 8 фактісі тіркелді. Сондай-ақ қоғамдық көлікті басқару кезінде 33 жүргізуші телефонды пайдаланған және 32 жүргізуші маневр жасау ережелерін бұзған, – деді Астана қаласы ПД баспасөз қызметі.