Облыстық Полиция департаменті Instagram парақшасында соған қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
Желіде белгісіз біреу Ақтөбе мектептерінде атыс шығару мақсатымен топ құрған: тергеу басталды
701
оқылды

Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалар Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады.  Облыстық Полиция департаменті Instagram  парақшасында соған қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Әлеуметтік желілерде белгісіз тұлғалардың Ақтөбе мектептерінде қылмыс жасауға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таралып жатыр. Осы факті бойынша Полиция департаменті терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлағаны үшін сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Осы ақпаратты таратқандар анықталып, елдің заңнамасына сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады", – делінген полиция хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, оқу орындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді бейнебақылау камералары және оларға жақын жерлердегі полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге баса мән берілген.

"Азаматтардан арандатушылыққа берілмеуді сұраймыз", – деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаменті.