Осыдан екі апта бұрын «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалына «Коммунальник» және «Озеленитель» саяжайының тұрғындары жүгініп, балаларының №18 мектепке келіп-кету мәселесін көтерген болатын.
«AMANAT»: Мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус мәселесі шешілді
1,316
оқылды

«Мектепке баратын жол балалар үшін қауіпті болды. Ағаштардың арасымен жүреді. Онда бірнеше рет зорлық-зомбылық та болды. Біз саяжайлықтар мәселемізді айтып қалалық әкімдікке, ШҚО Білім басқармасына, қалалық білім бөліміне барған едік. Алайда  ешқандай нәтиже болмады. «AMANAT» партиясына жүгінгеннен кейін ғана мәселе шешіліп, бүгін балаларымыз автобуспен мектепке кетті», – дейді саяжай тұрғыны Ольга Шахова.

 

11 қаңтар күні тұрғындардың қатысуымен  партияның облыстық филиалы жанындағы білім беру және денсаулық сақтау мәселелері, сондай-ақ отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік кеңестің жұмыс тобының отырысында қаралып, мәселені толық зерделеу үшін арнайы комиссия құрылды.

 

«Мектепте оқитын балалардың қауіпсіздігі партияластарды алаңдатты. Саяжайда тұратын тұрғындардың мәселелерін толықтай қарастырып, барынша жылдам шешуге тырыстық. Қыста күн өте суық, ал балалар білім алу үшін бірнеше шақырым жаяу жүруге мәжбүр. Сондықтан да депутаттар мен партия филиалы жанындағы қоғамдық кеңестердің мүшелері жергілікті атқарушы органмен бірлесіп, мәселені шешіп берді», – дейді «AMANAT» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары  Аманбай Нұркенов.

Жалпы,  «Коммунальник» және «Озеленитель» саяжайларында 300-ден астам отбасы тұрады. Онда түрлі сыныптарда оқитын 30-дан аса бала мектепке барады.