Туристік компания жабылып қалған.
Шетелде қалған 300 туристің 63-і елге оралды
1,189
оқылды

300 отандас саяхаттаймын деп шетелде қалды. Бұл жағдайға Tez.kz туроператорының жабылуы себеп болған. Бұл Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.  

Демалушылардың құқығына кепілдік беретін «Туристік қамқор» қоры алаңдауға негіз жоқ дейді. Өзге елде демалып жүрген қазақстандықтар компанияның кепілдік жүйесінде жинақтаған қаражат есебінен елге қайтарылады.

«63 турист бүгін Қытай елінен келеді. Жалпы, 250 турист қазіргі таңда шетелде дем алып жатыр. Олардың барлығы уақытылы, өз билетінде көрсетілген күні елге қайтады», – деді Туризм және спорт министрлігі Индустрия комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нұртас Кәріпбаев.