Ол мал жаю кезінде шаруа қожалығының аумағында есірткі жинаған.
Жамбылда сарайдың шатырында есірткі сақтаған малшы ұсталды
776
оқылды

Жамбыл облысында полицейлер сарайдың шатырына есірткі сақтаған малшыны ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде аса ірі көлемде есірткі сақтаған Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғынына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Мал шаруашылығы фермасында жұмыс істейтін ер адам қаптарға қарасора жинаған. Оны полиция қызметкерлері есірткіні орау кезінде ұстады. Тінту барысында ішінде ұнтақталған, салмағы 2 келі 888 грамм кептірілген марихуана есірткі заты бар полиэтилен пакеттер тәркіленді, сондай-ақ елек табылды.

- Марихуана жасыратын орын ретінде ол шаруа қожалығындағы сарайдың төбесін таңдаған. – Мойынқұм ауданының 37 жастағы тұрғыны шалғайдағы ауылға малшы болып жұмыс жасауға барып, мал жаю кезінде шаруа қожалығының аумағында есірткі жинаған. Ол өз кінәсін мойындады. Қылмыстық істің материалдары жақын арада сотқа жіберілетін болады, – деді Жамбыл облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.