Геосканермен белгіленген нүкте ауданында мамандар шамамен 3 метрге тереңдей түсті.
Майқайыңдағы апат: қатты жел мен боран іздеу жұмысына кедергі келтіріп жатыр
Павлодар облыстық ТЖД
1,520
оқылды

Павлодар облыстық ТЖД «Майқайыңалтын» АҚ аумағында іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасып, мамандар күн сайын кәсіби аспаптардың көмегімен тереңдіктің түбін тексеріп жатқанын айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Дегенмен күннің бірден суытуы, қатты екпінді жел мен боран жұмысты қиындатып жіберді. Күн сайын экскаваторды шұңқырдың түбіне түсірер алдында тау-кен инженері барлау жүргізіп, техника үшін жағдайды анықтайды. Сондай-ақ жүргізілетін жұмыстардың орны кинологиялық есептеулермен үнемі тексеріліп отырады.

– Геосканермен белгіленген нүкте ауданында мамандар шамамен 3 метрге тереңдей түсті. Жұмыс кеңістігін кеңейту және металл іздегішпен учаскені зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алайда топырақ пен тау жыныстарының құлауы жалғасуда. Іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізу орны үнемі үлкен тастардан тазартылуы керек, – делінген хабарламада.

Құтқарушылар техника жете алмайтын жерлерде пневмоэлектро жабдықтардың көмегімен қолмен жұмыс істеп жатыр.