Марқұмның ағасы қарындасы мен бұрынғы күйеу баласы бір кездері бөлек кеткенін айтады.
"Мешіттен тағы да неке қиғанын көрсететін сурет жіберді": Салтанат Нүкенованың ағасы тың деректер айтты
1,972
оқылды

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді "Что скажете?" YouTube-арнасына берген сұхбатында көпшілік білмейтін жайттарды айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Марқұмның ағасы қарындасы мен бұрынғы күйеу баласы бір кездері бөлек кеткенін айтады.

"Салтанатпен 15 қазанда кездестік. Ол кезде Қуандықпен ажырасқан еді. Пәтерге көшті. Өзі жеке пәтер жалдады, барлық затын сонда апарды. Бәрі жайлы, тыныш бола бастады. Төртеуміз менің үйімде жиналдық – әкем, анам, Салта. "Тұрмыста болдың, жетер" деп әңгіме айттық, күлдік. Содан кейін анам Салтамен бірге уақыт өткізу үшін үйіне қонуға барды. 15 қазанда бірге емес еді. Оның жағдайы жақсы болды", – дейді ол.

Оның сөзінше, қарындасы Бишімбаевқа екінші рет мүмкіндік беріп, некесін сақтап қалғысы келген.

"Олар қайта қосылғанын 26 қазанда білдік. Ол мешіттен тағы да неке қиғанын көрсететін сурет жіберді. Біздің отбасымыз үшін бұл "шок" болды. Таңғалдық", – дейді ол.

Сонымен қатар, Айтбек Амангелді әлеуметтік желіде тараған қауесетке жауап берді. Оның сөзінше, Бишімбаев Салтанаттың көлігіне бақылау құралын енгізіп қойған.

"Бұл мүмкін емес (көзге шөп салу болуы – еск.). Құрбылары да мүмкін емес екенін айтты. Ол (Бишімбаев – еск.) оны (Нүкенованы – еск.) бүкіл әлемнен оқшаулап тастады. Барлық уақытта сонымен немесе Bau мейрамханасында болса, қайда, кіммен, қашан?! Құрбылары да жөнді көрмейтін. Ол оның хаттарын, телефонын оқитын", – дейді марқұмның ағасы.