Қарағанды облысында Қарағанды-Теміртау тасжолында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысты.
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысты
1,049
оқылды

Қарағанды облысында Қарағанды-Теміртау тасжолында жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"26 қаңтарда сағат 15:00 шамасында ауа райының нашарлауына байланысты Қарағанды-Теміртау тасжолында Алматы-Астана бағытындағы жолаушылар автобусы мен 16 жеңіл көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан зардап шеккен екі адам Теміртау ауруханасына жатқызылды", – деді ол облыстық полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

Қарағанды облысының Полиция департаменті автобуста үш адам болғанын айтты.

Сондай-ақ полицейлер азаматтарды жол қозғалысы ережелерін сақтауға және ауа райы нашарлайтын жағдайда ұзақ сапарға шықпауға шақырды.

Ведомствоның мәліметінше, ірі апаттан кейін тасжол жабылған.