Қызылордада ішімдік ішіп, көлік басқарған жүргізуші полицейді қағып кетті. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Қызылордада ішімдік ішкен жүргізуші полицейді қағып кетті
645
оқылды

Полицейлер Volkswagen Touareg маркалы автокөлік жүргізушісін жол ережесін сақтамағаны үшін тоқтатқан. 

Алайда ол заңға бағынбай қала шетіндегі Қарауыл төбе ауылына қашып, күріш алқабына кірген. Сол кезде қосымша көмекке келген полиция нарядының қызметкері көлік алдынан жаяу шығып бөгемек болған. Оны да елемеген жүргізуші полицейді қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Көп уақыт өтпей 32 жастағы күдікті қолға түсті.

Облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әміржан Өтегенов: «Орта дәрежелі масаң екендігі анықталды. Уақытша ұстау изолторына қамауға алынды. Автокөлік айыптұрағына қойылды. Қазіргі таңда билік өкіліне қарсы күш қолдану дерегі бойынша сотқа дейінгі тергежүргізіліп жатыр», – деді.