«Қазгидромет» синоптиктері 27 қаңтарда елдің 10 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады.
Бүгін бірнеше өңірде боран соғып, қалың қар жауады
Фото: ТЖМ-нен алынды
3,577
оқылды

Маңғыстау облысының батысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады. Облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының шығысында жаяу бұрқасын, облыстың оңтүстігінде тұман.

Қарағанды облысының солтүстігінде бұрқасын болады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады. Облыстың солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 болады. 

Ақмола облысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігі, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Облыстың тау асуларында жаяу бұрқасын, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігі, батысында, таулы аудандарында күші – 15-20 м/с.

Шымкенте түнде және таңертең тұман түседі.

Қостанай облысының солтүстік-шығысы, шығысында қар жауады. Бұрқасын соғады. Облыстың батысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні – 15 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында түнде екпіні – 15-20 м/с. 

Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.