«AMANAT» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің отырысы өтті. Онда еліміздегі заңсыз жолмен жекеменшікке өтіп кеткен жер телімдері мен егістік және жайылым жерлердің мемлекетке қайтарылуы туралы мәселелер талқыланды.
Жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптасуға тиіс
972
оқылды

Алқалы отырысқа кеңестің төрағасы, Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров, Мәжі­ліс депутаттары Абзал Құспан, Мұқаш Ес­кендіров, Марат Башимов, Данабек Иса­беков, Ұлттық агроқозғалыс төрағасы Ал­масбек Садырбаев, Жер ресурстарын бас­қару мен пайдалану комитетінің төра­ғасы – Жерді пайдалану мен қорғау жө­нін­дегі бас мемлекеттік инспектор Мұрат Те­міржанов, «Қазақ Ел Батырлары» БТ тө­райымы Бибігүл Сабкенова және өзге де сарапшылар мен адвокаттар, өңір­лер­ден келген белсенділер қатысты. 

«Жемқорлыққа қарсы күрес – елі­міз­дегі өзекті мәселе, бұл Қазақстанның әлеу­­­меттік-экономикалық тұрғыда да-м­уын тежейтін бірден-бір кедергі. Біздің ко­миссияның негізгі жұмысы ең бірінші профилактикалық жол болса, екіншісі жемқорлықты шеше отырып, әлеуметтік прог­реске қол жеткізу. Сонымен бірге елі­мізде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қа­лыптастыру болып отыр», – деді ал­қа­лы отырыста республикалық кеңестің төрағасы Ерлан Саиров. 

Жиынға қатысқандардың арасында заң­сыз әрекеттерге тосқауыл қойып, ха­лық­тың өзіне тиесілі жерін өзіне қай­тару­ды талап етушілер де бар. Олар «AMANAT» партиясының жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестен араша сұрай келіпті. 

«Еліміздің барлық өңіріндегі шұрай­лы алқаптардың біршамасы жекемен­шік­ке оңды-солды таратылып, тіпті кей­­­­бірі түрлі банкке аса ірі көлемдегі қа­­ражатқа кепілге қойылып кеткенін бі­­леміз. Қазір «AMANAT» партиясы жа­нын­­дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңес пен «Жер аманаты» комиссиясы осы жекеге берілген түрлі көлемдегі жер­лерді біртіндеп қайтара бастады. Соны­мен бірге қазір жерді заңсыз қазып, ал­тын мен өзге де құнды металл іздейтін топ пайда болды. Сондайлардың бірі – ш­ығыстағы Күршім ауданында көлеңкелі жолмен ақша тауып келген болатын. Осыған орай арнайы комиссия құрылып, заңсыз жұмыс тоқтатылды. Ал Павлодар облысында аз қамтылған отбасыларға арнап үй салынуға тиіс болған. Біраздан бері оның да жұмысы тоқтап қалған екен. Осы кеңестің жұмысы аясында үй қайта са­лынып, азаматтарға беріліп отыр. Ат­қа­­рылған жұмыс өте көп. Жұмыс нәтиже­лері туралы арнайы видеограмма дайын­далып жатыр. Сол арқылы жұмыстың нә­тижесін көпшілік білетін болады», – де­ді Ерлан Саиров.

Еліміздің екі өңірі – батысы мен Ақ­мола өңірлерінде шиеленісіп тұрған жер мәселесі екенін айта келе, Алмасбек Са­дырбаев 2011 жылдан бастап 2018 жылға дейін өңірлерде аса ірі көлемдегі жерлер заңсыз жолмен жекеге беріліп кеткенін тіл­ге тиек етті.  

Оның айтуынша, жекеге беріліп кет­кен жерлер мен құзырлы органдардың тара­пынан кеткен қателіктердің зарда­бын шаруалар ғана тартып отыр. «Өйткені шаруалар сол жерлерге егін егіп, мал өсі­­реміз деп несие алды, субсидия алды. Бір­ақ шаруалар олигополия кесірінен зардап шекпеуі керек. Ал Ақмола облысы Аршалы ауданында белгісіз біреулер ауыл шаруашылығына арналған жерді тех­никамен қазып, қайрақ құм алып жа­тыр. Халық шулап жатса да, оларға «қой» дейтін ешкім болмай тұр. Батыс пен Ақмоладағы жағдайды комиссияның ық­палымен Бас прокуратураға жеткізу­леріңізді сұраймын. Өңірлердегі жекеге өтіп кеткен жерлер қайтарылмаса, әлеу­мет­тік шиеленіске әкеліп соқтыруы мүм­кін. Бұл жерде 6000 шаруаның тағдыры тұр. Халық шырылдап шаршауға айнал­ды», – деді Алмасбек Садырбаев. 

Бұл мәселе бойынша кеңес қосымша зерт­теп-зерделеп, мәліметтерді құзырлы ор­гандарға тапсыратынын жеткізді. 

«Жер учаскелерін мемлекеттік мен­шік­ке қайтару бойынша жұмыстың нә­ти­желеріне ашық қол жеткізу мүмкіндігін беру мақсатында jerkarta.gharysh.kz гео­сервисі әзірленді. 

«Ел Президентінің тапсырмасы бойын­ша 2022 жылдың басынан бері пай­даланбай жатқан және Қазақстан Рес­публикасының заңнамасын бұзып бе­ріл­ген ауыл шаруашылығы мақсатын­дағы жерлерді мемлекетке қайтару жұ­мыс­тары белсенді жүргізілуде. Осы жұ­мыс­тың жүйелі түрде іске асырылуына қо­ға­мдық бақылауды жүргізу мақсатында «AMANAT» партиясының жанынан «Жер аманаты» республикалық және ай­мақтық комиссиялары құрылды. Со­нымен қатар біздің мекемеге жыл сайын жерді заң­сыз пайдалану мен өзге де бұзу­шы­лық­тар туралы 30 мыңға жуық өтінім мен ша­ғым келіп түседі. 2022 жылдың 1 қаңта­ры­нан бастап барлығы 8 930 тексеру жұ­мыс­тары жүргізілді. Нәтижесінде, 6 мыңнан ас­там заңбұзушылық анықталып отыр. 

Комиссияның жұмысында мемле­кет­тік меншікке қайтарылған жер учас­ке­лерінің әрі қарай ұтымды бөлінуіне ерек­ше мән беріледі. Ең алдымен жеке ау­ла­дағы малды бағу үшін жалпы пай­да­ланатын жайылымдарды беру арқылы қай­тарылған жерлер ауыл халқының қа­жет­тіліктерін өтейтін болады. 

Қазірдің өзінде мемлекетке қай­та­рыл­ған ауыл шаруашылығы мақсатын­дағы 10 млн гектар жерде келешекте көр­­­се­тілер шаралар іске асырылуда, – де­ді Жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі Бас мемлекеттік инспектор Мұрат Темір­жанов. 

Мемлекетке қайтарылған 10 млн гек­тар жердің 2,8 млн гектары игеруге қабі­ле­ті бар азаматтарға қайтарылып беріледі. Қай­тарылған жер сол бұрынғы олигопо­лия­ның қолына түспей, ауылда тұратын қа­білетті азаматтарға берілуі қажет. Ол жө­нінде де жұмыс жүргізіліп, заңнамаға да өзгерістер енгізілетінін атап өтті ко­миссия төрағасы Ерлан Саиров.

Еліміздің солтүстігі Солтүстік Қазақ­стан, Ақмола, Қостанай өңірлерінде шұрайлы жерлердің олигархтар қолына өтіп кетіп, оның зардабын қарапайым шаруа тартып отырғанын айтады қоғам белсенділері. Бұл мәселе де өз шешімін табуға тиіс. «Жер аманаты» комиссиясы бұл мәселе бойынша да нақты шаралар қа­рас­тырып жатыр. 

Отырысты қорытындылаған «AMANAT» партиясының жанындағы сы­байлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі республикалық кеңес төрағасы Ер­лан Саиров жиналған арыз-шағым­дар­дың басын біріктіріп, әрқайсысына жеке-жеке талдау жүргізе отырып, құ­зырлы орындарға жолданатынын жет­кізді. Сондай-ақ мәселелер «AMANAT» пар­тиясы мен депутаттардың бақылауын­да болатынын шегелеп айтты. 

Бердібек ҚАБАЙ