Мәжіліс депутаты Болатбек Нәжметдинұлы Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның тең төрағаларының кездесуіне қатысты.
Ресей Федерациясы арқылы өтетін қазақстандық тасымалдаушылардың проблемалары айтылды
745
оқылды

Екі ел премьерлерінің орынбасарлары – Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчук бастаған тараптар қос мемлекет үшін де маңызы зор мәселелерді талқылап, өзара түсіністікке қол жеткізді,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жиында Болатбек Нәжметдинұлы Ресей Федерациясы арқылы өтетін қазақстандық тасымалдаушылардың проблемаларын көтерді. Атап айтқанда, қиындықтар Ресей-Беларусь шекарасында навигациялық пломбаларды салуды қажет ететін жүктерде туындайды. 

Қазақстан тарапы үкіметаралық комиссияға  «Лобок»  өткізу пунктінде жүктердің жекелеген түрлеріне сәйкестендіру құралдарының жоқ екенін айтты. 

 Бұған жауап ретінде ресейлік тарап 2024 жылдың 1 ақпанына дейін өткізу пунктін навигациялық пломбаларды орнату жүйесімен және автокөліктерді өлшеуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Үкіметаралық комиссия аясында қатысушылар кедендік реттеу, электронды сауда салаларындағы ынтымақтастықты дамыту, өнеркәсіптегі, денсаулық сақтау саласындағы жобалардың іске асырылу барысын және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық процестерді тереңдетудің келешегін талқылады.