Биыл қазақ және балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың туғанына 100 жыл. Қаламгердің мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтпек.
Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтеді
1,061
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қаламгердің 100 жылдығы тойлана бастады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Бердібек Соқпақбаевтың туған ауылы Нарынқолда еңселі ескерткіші бой көтереді. Сондай-ақ жазушының есімі бірқатар саябаққа, білім ошағы мен облыстық кітапханаға белілмек",  делінген Мәдениет және ақпарат министрлігінің жазбасында.

Шоқтығы биік қаламгер балалар мен жасөспірімдерге арналған 20-дан астам әңгіме, повесть, роман ұсынды. «Менің атым – Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Өлгендер қайтып келмейді» туындыларында өзі өмір сүрген заманның шынайы келбетін суреттеді.