Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс орындамаған ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады.
ШҚО-да мектеп оқушысы сыныптасының телефонымен мектепте бомба барын хабарлаған
665
оқылды

Шығыс Қазақстан облысында жасөспірім полицияға хабарласып, мектепке бомба қойылғанын айтқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Абоненттік нөмірдің иесі 12 жастағы мектеп оқушысы болып шықты. Оның телефонынан сыныптасы қоңырау шалып, мектепте бомба барын хабарлаған.

“Қазіргі уақытта оқушыға қатысты материал кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның қарауына жіберілді”, – делінген хабарламада.

Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша өз міндеттерін дұрыс орындамаған ата-аналарға әкімшілік айыппұл салынады.