Өнер иесі бұл өмірде әр адамның тағдыры әртүрлі екенін жазады.
Біреу өзіне берілгенге разы болмай, өзгенікіне жармасса, зиянға ұшырайды: Қарақат Әбілдина астарлы жазба қалдырды
725
оқылды

Танымал эстрада әншісі Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында астарлы жазба жариялап, жұртты ойландырып тастады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Өнер иесі бұл өмірде әр адамның тағдыры әртүрлі екенін, әркімнің бөліп берген ризық-несібесі бар екенін жеткізуге тырысқан.

«Өмірде әртүрлі сынақ бар… Алла Тағалаға әр пендеге өзіне лайық сынақ берген. Өздеріне жетерлік ризық, берекет, үлес берген. Адамның бұл дүниеде өзін бақытсыз санауы  сол берілген үлеске риза болмауынан. Мысалы, бір адамға әсем дауыс беріп, сол арқылы жұлдызы жанып, елдің атақты әншісі болады. Енді біреу ілімге құштар болып, әйгілі ғұлама болады. Біреуіне байлық берілсе, біреуіне кедейлік беріледі. Біреуге денсаулық берілсе, біреуге науқас, кембағалдық беріледі. Мысалы, барлық спортшылар өз саласында чемпион болуға тырысады. Біреу шахмат арқылы, енді біреуі балуан болып күрес арқылы чемпион болады. Елге оралғанда сол әртүрлі саладағы чемпиондар барлығы бірге бір қатар тұрып бірдей марапатталады. Шахматист «мен неге балуан секілді күшті емеспін»" демейді. Сол сияқты әркім өзіне берілген үлес арқылы өмірдің додасына түседі. Біреу кедейлігі арқылы, енді біреу байлығы арқылы аламан бәйгеге түседі. Алайда осы кезде біреу өзіне берілгенге разы болмай, өзгенікіне жармасса, зиянға ұшырайды»,  деп жазды әнші.