Ер адам жүргізушінің бетінен бірнеше рет соққы жасаған.
Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі: Ол сөзімді түсінбеді
1,750
оқылды

Қарағандыда соққыға жығылған жедел жәрдем жүргізушісі оқиғаның қалай болғанын баяндап берді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қалыпты жұмыс күндерінің бірі болатын. Шамамен сағат 23:57-де қоңырау түсті, біз тез арада 2-блок, №30 үйге жетіп бардық. Фельдшерлер жеделдетіп үйге кіріп кетті, өйткені онда небәрі бір жасар бала ауырып жатқан еді", - дейді жедел жәрдем жүргізушісі Төреғали Берікқалиұлы.

Оның айтуынша, фельдшерлердің бірі 4-5 минуттан кейін үйден шығып, планшетке бланкілерді толтыра бастаған. Бір-екі минуттан кейін тумбочка көтеріп келе жатқан жас жігітпен жанжал басталған. Жедел жәрдем көлігі оның жолын бөгеп тұрғандықтан, ер адам оны боқтай бастаған.

"Мен оған шақыртуда тұрғанымды және кете алмайтынымды түсіндірдім. Ал ол кетіп қалған сияқты болды. Алайда кейін ол тумбочкасыз қайтып келіп, тағы да балағат сөздер айта бастады. Мен көліктен түстім, сол кезде фельдшер телефонына не болып жатқанын түсіре бастады, себебі ер адам агрессивті болды. Мен оған науқасты, баланы қарауға келгенімізді түсіндіруге тырыстым. Бірақ ол мені тыңдамады", - дейді Төреғали Берікқалиұлы.

Ер адам жүргізушінің бетінен бірнеше рет соққы жасаған. Ал дәрігерлер екінші бригада пен полицияны шақыртқан.

Еске салайық, кеше Қарағанды ​​тұрғыны жедел жәрдем жүргізушісін ұрып-соққан болатын. Полицейлер төбелескен адамның кім екенін анықтады. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адамды ұстау жұмыстары жүргізілуде.