Атырау қаласының әкімдігі мұз үстіндегі қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін ескертеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жайықта мұз ойылып, көлік суға батып кетті
770
оқылды

Бүгін сағат 13:08 шамасында Атырау қаласы Курилкино ауылы тұсында Жайық өзенінде мұз ойылып, автокөлік суға түсіп кетті. 

Аталған жерге су құтқару жасағынан 4 құтқарушы, 1 бірлік техникасы жұмылдырылды. Оқиға орнында 1992 жылы туған жүргізуші қаза тапты. 2006 жылы туған жолаушы облыстық ауруханаға жіберілді.

Бұған дейін бірнеше өңірде ауа райы құбылмалы болатынын хабарлаған болатынбыз.