Сапар барысында одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.
Сыртқы істер министрі ресми сапармен Қырғызстанға барды
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі
693
оқылды

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу қырғыз тарапының шақыруымен Қырғыз Республикасына ресми сапармен барды, - деп хабарлайды Aikyn.kz, СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мұрат Нұртілеуді «Манас» халықаралық әуежайынан Қырғыз Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Асеин Исаев және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды. 

Бішкек қаласында болу бағдарламасына сәйкес Қырғызстан мен Қазақстанның сыртқы істер ведомстволарының басшылары келіссөздер жүргізіп, оның барысында қырғыз-қазақ стратегиялық әріптестігі мен одақтастықтың өзекті мәселелері талқыланады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, тәжік тарапының шақыруымен Мұрат Нұртілеу Тәжікстан Республикасына ресми сапармен барды.