Оның айтуынша, бұрынғы күйеуімен заңды некеге тұрмағандықтан, ортадағы пәтерді экс-күйеуі сотпен жеңіп алған.
"Бұрынғы үйімді бірінші күйеуім сот арқылы тартып алды": танымал блогер жан сырын ақтарды
Фото: әлеуметтік желіден
1,699
оқылды

Телебағдарламалардың бірі арқылы танылған блогер Зухра Хакиева "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында өміріндегі қиын сәттер туралы әңгімеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Оның айтуынша, бұрынғы күйеуімен заңды некеге тұрмағандықтан, ортадағы пәтерді экс-күйеуі сотпен жеңіп алған.

"Бұл үйді өте асығыс алдым. Өйткені бұрын тұрмыста болдым. Сол жерде бірге алған үйді бұрынғы күйеуім соттасып ұтып алған болатын. Сонымен тез арада үй алу керек болды. Сот бойынша ол үйден мені қазанда шығарды. Осы үйді тамызда алып қойған болатынмын. Жөндеу жұмыстары болды, пәтерде тұра тұрдым. Бұрынғы күйеуіммен заңды неке болмағаннан кейін ұтылып қалып жатырмын. Қыздарға кеңес айта кетейін, міндетті түрде заңды некеге тұрыңыздар. Ортада бала бар кезде осылай үйден айырылып қалып, қиналып қалып жүрмеңіздер", – дейді ол.