Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде Чехия және Польша құрамаларымен бірге 18-орынды өзара бөлісіп тұр.
Канвон-2024: Қазақстан құрамасы медальдар кестесінде 18-орынға сырғыды
Фото: arbatmedia.kz
932
оқылды

Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының оныншы күні Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 18-орынға сырғыды, – деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы әзірге 1 алтын, 2 қола медальмен жалпы медальдар кестесінде Чехия және Польша құрамаларымен бірге 18-орынды өзара бөлісіп тұр.

Ал, жалпыкомандалық есепте әзірге Италия құрамасына тең келер ешкім болмай тұр. Бүгін олар алтын медаль санын 11-ге жеткізді. Осылайша 11 алтын, 3 күміс, 3 қоламен италиялықтар жеке-дара көш бастап келеді.

Ал екінші орында 7 алтын, 4 күміс, 5 қола медальмен Германия құрамасы келе жатса, үздік үштікті 6 алтын, 3 күміс, 4 қола медальмен Франция құрамасы түйіндеп тұр.

Медальдар кестесіндегі алғашқы ондыққа енген елдер:
1. Италия – 11 алтын, 3 күміс, 3 қола (17)
2. Германия – 7 алтын, 4 күміс, 5 қола (16)
3. Франция – 6 алтын, 3 күміс, 4 қола (13)
4. Қытай – 5 алтын, 8 күміс, 3 қола (16)
5. Австрия – 5 алтын, 6 күміс, 5 қола (16)
6. Оңтүстік Корея – 5 алтын, 5 күміс, 4 қола (14)
7. АҚШ – 4 алтын, 8 күміс, 3 қола (15)
8. Швеция – 3 алтын, 4 күміс, 3 қола (10)
9. Канада – 3 алтын, 2 күміс (5)
10. Нидерланд – 3 алтын 1 күміс, 1 қола (5).