Егістік алқаптарын минадан тазалап, картоп егеді
Егістік алқаптарын минадан тазалап, картоп егеді
404
оқылды
Вьетнамда соғыс аяқталғалы ұзақ жыл өтсе де, көптеген провинцияда әлі күнге дейін миналар жарылып жатыр, – деп жазады 24.kz. Жергілікті биліктің хабарлауынша, ел аумағының 80%-іне мина қойылған. Сондықтан мұнда тұрғындардың жарақат алу жағдайлары жиі болып жатады. Мамандардың айтуынша, тазарту жұмыстарына әлі де біраз жыл керек. Ал тұрмысы төмен отбасылар, негізінен, ауыл шаруашылығының арқасында күн көреді. Бірақ көбі қауіпсіздігіне алаңдап, «егістік алқаптарын дұрыс пайдалана алмаймыз» дейді. Минаны тазалауға вьетнамдық фермерлерге америкалық волонтерлер ұйымы миналарды залалсыздандыру бойынша көмектесіп жатыр. Фермер Нгуен Ван Тхьеп: «Біз күріш және батат, яғни тәтті картоп өсіреміз. Алайда өнім аз шығатын. Өйткені жер жырта алмайтын едік. Себебі барлық жерге миналар қойылған. Алайда, волонтерлердің арқасында енді егістік алқаптарында қауіпсіздігіміз үшін еш алаңдамай, емін-еркін жұмыс істейтін болдық», – деді.