Оның айтуынша, өзін жер сілкінісі қайталанса, ұйықтап қалып, үлгермей қалатындай сезінеді.
"Ұйықтап қалып, үлгермей қалатындай": Ақерке Бүркітбай неден қорқатынын айтты
Фото: әлеуметтік желіден
4,843
оқылды

Роза Рымбаеваның келіні, "Assyl" тобының мүшесі, актриса Ақерке Бүркібай Алматыдағы қатты жер сілкінісінен кейін жүрегінде бір қорқыныш қалғанын мәлімдеді. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялады.

Оның айтуынша, өзін жер сілкінісі қайталанса, ұйықтап қалып, үлгермей қалатындай сезінеді.

"Әдеттегідей кеш, күнделікті тіршілік. Бала ұйықтады, бірақ ұйқы алдында жүректе бір қорқыныш қалып қойды жер сілкінген күннен бері. Қайталанатын сияқты, ұйықтап қалып, сезбей, үлгермей қалатын сияқты", – деп жазған ол