Айдос Айткешовты іздеу туралы хабарландыру порталда осыдан 32 күн бұрын жарияланған.
Kcell компаниясының бұрынғы қызметкеріне іздеу жарияланды
5,065
оқылды

Kcell ұялы байланыс компаниясының бұрынғы қызметкеріне іздеу салынды. Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында жарияланды,  деп хабарлайды Aikyn.kz inform.kz-ке сілтеме жасап.

Айдос Айткешовты іздеу туралы хабарландыру порталда осыдан 32 күн бұрын жарияланған.

Айткешов Айдос Ернарұлы 2002 жылы 17 наурызда туған. Қазақстан Республикасының азаматы, оны іздеу туралы хабарлама 2023 жылғы 28 желтоқсанда тіркелген.

Аталған азаматты іздеуге бастамашы болған Қаржы мониторингі агенттігі, ал Астана қаласы бойынша экономикалық тергеу департаменті іздеу жүргізеді. (тел. 87172708479).

Оқиғаның мән-жайын білу мақсатында Kcell компаниясына хабарласқан едік.

«Аталған азамат компанияда 2022 жылдың 1 сәуірінен 2023 жылдың 28 ақпан аралығында жұмыс істеді. А. Е. Айткешов алаяқтық әрекеттер жасады және компанияға материалдық залал келтірді деп күдікке ілініп, материал елорданың экономикалық тергеу департаментіне жіберілді», – деп жауап берді ұялы байланыс операторының баспасөз қызметі.