«AMANAT» партиясы Жам­был облыстық филиалы жанындағы Сыбайлас жем­қорлыққа қарсы іс-қимыл жө­ніндегі кеңес мүшесі Қа­сымхан Төлендиев жастарға арнайы дәріс оқыды.
Құқықтық сауат қашанда маңызды
961
оқылды

Қасымхан Төлендиев «Жас­тардың құқықтық сауаттылығын және құқық қорғау органдарына сенімін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін өткізу» атты әлеуметтік жобасы аясында жастарға ерекше кеңес беріп, бірлікке шақырды. 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі ми­нистрлігінің Аза­маттық бас­тамаларды қолдау орталығы мен облыс әкімдігінің ұйымдас­тыруымен өткен шарада Мем­лекет басшысының 2024 жылғы 3 қаңтардағы Egemen Qazaqstan газетіне берген «Біз озық ойлы ұлт ретінде тек қана алға қарауымыз керек» атты сұх­баты, 22 қаңтарда Мемлекет басшысының төрағалығымен ІІМ өткен кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөздері, жастардың құқықтық сауаттылығы мен құқық қорғау органдарына сенімін арттыру туралы мәселелері кеңінен айтылды. Сондай-ақ жастарға партияның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарын қалыптастыру мен парасаттылық, адалдық қағидаттары туралы кеңестер беріліп, ерсі қылықтардың адамға келтірер зияны түсіндірілді.

Бердібек ҚАБАЙ