Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция ко­митетінің аға инспекторы Ақмарал Серік­баева айтты.
11 күнде 4 мың жанжал тіркелді
632
оқылды

«Осы жылдың 15-26 қаңтары ара­лығында ел аумағында «Тұр­мыс» алдын алу іс-шарасы өткі­зілді. Оның қорытындысына сай полицияда отбасылық, тұрмыс­тық жанжал туралы 4 мыңнан астам хабар­лама тіркелді. Соның 1,5 мыңын полиция қызмет­кер­лері өздері үйлерді аралау бары­сында анықтады. Іс жүзінде «аг­рес­сорлардың» барлығы немесе 95 пайызы әкімшілік жауапкер­шілікке тартылды», – деді ол ІІМ баспасөз қызметі алаңында өткен брифингіде.

ІІМ өкілі отбасылық жанжал­дың негізгі себебі мас­күнемдік, лудомания, адамгершілік құнды­лық­­тар­дың төмендеуі және со­ның салдарынан отбасы инсти­тутының жоғалуы екенін айтады.

«Осындай зорлық-зомбы­лықтың себептерін уақытылы анықтау және жою үшін алдын алу іс-шаралары қолға алынды. Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін бұрын полиция­ның на­зарына түскен 39 мыңға жуық адаммен профилак­тикалық әңгіме жүргізілді. Қауіптілік деңгейін анықтау үшін 3 669 отбасынан сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесінде 559 отбасында қайта құ­қық­бұзу­шылық жасау қаупі жоғары екені анық­талды. Сондай-ақ құқық бұзушыларға агрессияны бол­дырмау үшін психокоррекциялық курстардан өз еркімен өту ұсы­нылды. Өмірлік қиын жағдайдағы 675 отбасы, оның ішінде қолай­сыз әлеуметтік ортадағы зорлық-зомбылық белгілері бар балалары анықталды. Олар туралы көмек көрсету үшін мүд­делі мемлекеттік органдарға ақпарат жіберілді», – деді Ақмарал Серікбаева.