Автобус жүргізушісі жүргіншіні көлік тұрағында қағып кеткен.
Таразда жолаушылар автобусы қағып кеткен жүргінші көз жұмды
599
оқылды

Тараз жол полициясының мәліметінше, 29 қаңтарда Төле би даңғылымен келе жатқан маршруттық автобус жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, көлік тұрағына кіріп кетіп, жаяу жүргіншіні мерт қылған, деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Жамбыл облысының полиция департаментінің қызметкерлері Таразда жаяу жүргінші мен жолаушылар автобусы соқтығысуы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалын бастады. Апат салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - делінген хабарламада.

Ведомство қазір автобус жүргізушісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешіліп жатқанын айтты. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалды.