Алматы қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті тері ауруларының саны артқанын айтып дабыл қақты.
Дерматомикоз дендеп тұр
935
оқылды

Мәселен, оңтүстік шаһарда дерматомикоздың былтырғы көрсеткіші 2022 жылмен салыстырғанда 29,5 пайызға өскен, оның 87 пайызы – 14 жасқа дейінгі балаларға тиесілі.

Дерматомикоз – терінің үстіңгі қабатын зақымдайтын саңырау­құ­­лақ инфекциясы: трихофития, мик­­­ро­­­спория және т.б түрі жатады. Бұл ауру түрлерінің қоздырғышы мен кө­ріністері әртүрлі болып келеді. Па­­­­­­тологиялық процесс көбіне тері қа­баты мен шаш арасына тарайды. Ал­маты қаласының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау де­парта­­­­­ментінің басшысы Қасымхан Алпыс­байұлының айтуынша, оны мы­­­­сық­­­­тар мен иттерден, сондай-ақ ауру адам­дардан жұқтыру ықти­малдығы жо­­ғары. Инфекция науқас адаммен, жануармен тікелей немесе жанама байланыста болғанда, қол алысу, же­­­­ке заттар (киім, аяқкиім, тарақ, сүлгі­лер және т.б.), ортақ заттар (кі­таптар, қаламдар, жиһаздар, ойын­­­­­­­­­­шықтар және т.б.) арқылы берілуі мүмкін.

«Тегіс теріде дөңгелектенген ай­­­қын шекарасы бар, шеті көтерілген қабыну дақтары пайда болады. За­­­қымданған ошақтың ортасында құр­­­­­­­ғақтанған қабыршықтар болуы мүмкін. Бас терісінде шаштың түсуі мен терінің қабыршақталуымен бірге жүретін бөртпе пайда болады. Ау­рудың инкубациялық кезеңі 1 ап­тадан 1 айға дейін жалғасады. Дер­­­мато­­­­­микоз халық арасында кең та­ралған. Науқастың көбі өз ауруына мән бермейді, басқаның денсау­лығына қауіп төндіре отырып, мон­­шаға, бассейнге, спорт залға, шаш­та­­­­разға барады. Осы тұста ком­­­­­­­­му­­­­­­налдық және сауықтыру ме­ке­ме­­лерінің қызметкерлері келу­ші­­­­лер­­­дің арасында инфекция­ның таралу қаупін болдырмайтын қауіпсіздік шараларын сақтауға тиіс», – дейді департамент бас­шысы.

Алматы қаласының эпиде­­­­мо­­логтері балалар ұйымдарында дер­­­ма­­томикоздың алдын алу үшін диаг­­­­­нозды ерте анықтау, науқасты оқ­­­­­­­­­­­­шау­­лау, уақытылы емдеу мен жеке гигиена ережесін қатаң сақтау ма­ңызды екенін айтады. Мамандар қала тұрғындарын тек санитарлық тәртіпке сай профилактикалық за­лал­­­сыздан­­­дыру жұмысын жиі жүр­гізіп отыратын монша, жүзу бас­сейні және спортзал­­дарға бару қа­­­­­­­­жеттігін ескертеді.

«Ата-ана балаға қол жуу тәртібін үйретіп, қаңғыбас жануарлармен ойнамау керегін ескертуге тиіс. Ау­рудың алғашқы белгілері пайда бо­лысымен-ақ, үйдің ит-мысығын ем­­­деу үшін ветеринар-дәрігерге көр­сету қажет. Ауру анықталған кез­­­­­­­де оның таралуын болдырмас үшін отбасы мү­­шелерін, сондай-ақ науқаспен жа­қын болған барлық адамды тексеру керек. Егер тері мен бас терісінде бөрт­­­­пе байқасаңыз, дер кезінде диагноз қою және тиісті ем алу үшін дерма­­­тологтің көмегіне жүгінуді ұсы­на­­мыз», – дейді Қа­сым­­­­­­­­хан Ал­пыс­байұлы.

Ал дерматолог Жанна Әбсеева тері ауруларын тасымалдауда қазіргі бьюти-сфераның айтарлықтай үлесі бар екенін айтады. Космето­­­­­­­логия­­­лық орындарда тері ауруларын жұқ­­­тырып алған жағдайда, 3-4 аптаның кө­­лемінде теріде қызару немесе тыр­­­­­нақтың арасында дерма­­­­­толо­­­­гиялық өзгерістер байқалатын кө­рінеді.

«Дерматомикоз – терінің зақым­­дануы. Ол көбіне 60-70 жастан ас­­­­қан адамдарда жиі кездесіп жатады. Басты себебі – организмнің ауруға қарсы тұруының төмендеуіне бай­­­­ланысты. Қазір дерматомикоздың жастарда да жиі кездесетінін көріп жүрміз. Әсіресе, маникюр, педикюр жасату барысында залалсыз­­­­дан­­­дырылмаған препараттар пайда­­­­лан­­ған кезде шартты потогенді саңы­­­­рау­­­­­құлақтық аурулар пайда болады. Үй жануарынан да микробтық ауру жұғады. Инфекциялық ауруларды таратушы кісімен жанасқаннан ке­­­­йін теріде айқын белгілер 2-3 ап­­­та­­­дан кейін көрінеді. Көбіне, ба­­лалар мен жасөспірімдер дермато­­­микоз­­­­дың трихофития түрінен зар­­­дап шегеді. Қазақта баласына «темірет­­­кі» шы­­­ғыпты деп айтып жа­тады ғой. Осы­ның барлығын ту­дырушы – саңы­­­­­рау­­­­құлақтар. Мұндай тері ауру­­­­лары 7-8 және 10-11 жастағы бала­­ларда ас­­­қынады», – дейді маман.

Дерматомикоздың тырнақ пен табан астына шығатын түрлері де бар. Бұл көп жағдайда 60 жастан асқан ересектерде кездеседі. Ма­­ман­­­ның сөзінше, егде жастағы адам­­­­­­­­­дар жалпы иммундық әлсіреу басталған уақытта қоғамдық орын­дарда тері ауру­ларымен қатар, өзге де қауіпті дертті жұқтырып алуға бе­йім келеді.

«Дерматомикозға шалдыққан адам ең алдымен жеке бас гигие­­на­­­сын сақтап, отбасы мүшелеріне жұқ­­тырып алудан сақ болуы керек. Егер балада микроспориялық ауру болса, науқасты міндетті түрде оқ­­шаулау маңызды. Өйткені осын­­дай жағдайда аурудың басқа балаларға жұғып кету қаупі жоғары. Дененің бір бөлігіне ғана емес, барлық жері­не қаптап кетуі әбден мүмкін. Мұн­дай жағым­сыз жайттарға тап болмас үшін дұрыс тамақтануды қолға алып, жеке бас гигиенасын сақтауға кеңес беремін. Егер инфекциялық ауруларға бейім болып келсеңіз, ви­рустардың өр­­шитін маусымында өзіңізді көпшілік орыннан оқшау­лап, барынша им­мунитетті көтеруге тырысыңыз. Егер моншаға баратын болсаңыз, өзіңіздің жеке аяқ­­киі­міңіз бен гигиеналық заттар­­ды қоса алып жүргеніңіз аб­зал», – деп түйді дерматолог.

Жас зерттеушілер қатерлі ісік ау­руларының шамамен 14 пайызы елі­міздегі тері қатерлі ісігіне жата­­тынын анықтаған. Ал дәрігерлер тері ауру­­лары байқалған жағдайда үй жағ­­дайында емделмей, бірден білікті дер­­­­матолог маман­­дардың кө­­мегіне жүгінуге кеңес береді.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы