Полицейлер 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні тәркіледі.
Қостанайда синтетикалық есірткі таратумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: polisia.kz
738
оқылды

Қостанай облысында полицейлер синтетикалық есірткі таратқан қылмыстық топты ұстады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір төрт күдікті қамауда отыр. Алдын ала келісу арқылы есірткіні заңсыз өткізгені үшін қылмыс жасағандардың мүлкі тәркіленіп, 10 жылдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылады.

Қылмыстық істің қатысушылары аймақ аумағында «синтетиканы» таратумен айналысқан. Полицейлер 300-ден 500 грамға дейінгі есірткі партиясын алған жас ерлі-зайыптылар, үйлерінде zip пакеттерге шағын дозаларға салып, одан әрі «қойып кету» арқылы таратқандығы анықтады. Әрқайсысында осындай 30-40 пакет болған. Қара нарықта синтетикалық препараттың жарты келісі шамамен 15 миллион теңгені құрайды.

- Біз 300 грамнан астам синтетикалық есірткіні, ақшаны және травматикалық қаруды тәркіледік. Заттар бойынша сот-химиялық сараптама тағайындалды. Қылмыскерлердің айтуынша, бұл мефедрон мен PVP болды, – деді Қостанай облысы ПД Есірткі  қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Нұржан Ахметов.

Қостанай облысының ПД өткен жылы заңсыз айналымнан 430 келі есірткі, оның ішінде 10 келіден астамы синтетикалық есірткі тәркіленгенін атап өтті.