Прокуратураның қадағалау актісімен ақшаның бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылды.
Алматы облысында 90 миллион теңге жымқырған аурухана есепшісі сотталды
1,078
оқылды

Алматы облысы Ұйғыр аудандық орталық ауруханасының есепшісі мемлекеттік сатып алуға қатысушылардың 90 млн теңгесін жымқырғаны үшін 7 жылға бас бостандығынан айырылды,  деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, бұл қаражатты кәсіпкерлер аурухананың банктік шотына шарттардың орындалуына кепілдік түрінде енгізген.

Азаматша Д. аудандық аурухананың есепшісі бола отырып, қаражатты өз шотына аудару арқылы иемденген.

Алматы облысының прокуратурасы тағы 50 млн теңгеге бұзушылықтарды анықтады, олар 25 кәсіпкерге қайтарылуы қажет болған. Прокуратураның қадағалау актісімен ақшаның бір бөлігі бизнес субъектілеріне қайтарылды.

«Заңнамаға сәйкес, мердігерлер тапсырыс берушілердің шоттарына шарттық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету болып табылатын шарт құнынан 3% ақшалай қаражат енгізеді. Бұл ақша мемлекеттік сатып алу бойынша міндеттемелер орындалғаннан кейін кәсіпкерге қайтарылады»,  деп атап өтті прокуратурадан.