Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады.
"Адамдарды жолдан ұстап, атып тастап отырған": Қазақстанда 90-жылдардағы атышулы қылмыстық топтың соңғы мүшесі ұсталды
Фото: видеодан алынды
1,832
оқылды

Ақмола облысының полицейлері 26 жылдан кейін, 90-жылдардағы қылмыстық топтың соңғы қатысушысын ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Банда мүшелерінің есебінде төрт адам өлтіру, жүргізушілерге жасалған тонау шабуылдары, экономикалық контрабанда және билік өкілінің немесе лауазымды тұлғаның атағын өз бетінше тағайындау фактілері бар. Қылмысты 26 жыл бұрын жасай бастады.

1998 жылдан бастап милиция қызметкерлерінің нысанды киім-кешектерін киіп алып, автоматпен қаруланған қылмыскерлер қала сыртындағы автожолдарда жезлдің көмегімен автокөліктерді иемдену мақсатында тоқтатып, жүргізушілер мен олардың жолаушыларын атып тастайтын. Мәйітті орман алқаптарына көму арқылы жойып, ал автокөліктерді заңсыз сатқан.

1999 жылы банданың төрт мүшесін полицейлер ұстады. Кейіннен сот үкімімен олардың екеуі өлім жазасына, қалғандары ұзақ бас бостандығынан айырылды. Құжаттарды, тегін, атын, әкесінің атын және туған жылын заңсыз өзгерткен, сыртқы түрін өзгерткен және 26 жыл бойы құқық қорғау органдарынан жасырынған топтың бір ғана мүшесі ұстатпай жүрді.

Биыл 27 қаңтарда іздестіру нәтижесінде, топтың соңғы қатысушысы Көкшетау қаласында ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу басталды.