Таразда жол жиегіндегі жолаушы қаза тапты.
Таразда автобус жүргізушісі жолаушыны қағып, үстінен басып өткен
Фото: ДСМ-нен алынды
721
оқылды

Автобус жүргізушісі адамды қағып, үстінен жаншып өткен. 47 жастағы азамат сол жерде қаза тапты. Бұл туралы Aikyn.kz AstanaTV-ға сілтеме жасап хабарлайды. 

Куәгерлер түсірген бейнежазбаға қарағанда, қоғамдық көлік жүргізушісі өзге автобустан озбақ болған. Сол сәтте жол шетінде тұрған тұрғынды қағып кеткен. Полицейлер көлік жүргізушісіне қатысты қылмыстық іс қозғады.

Облыстық ПД баспасөз хатшысы Гүлсара Мұхтарқұлова: «Жолаушылар автобусының жаяу жүргіншіні қағып кету дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі таңда автобус жүргізушісіне қатысты бұлтартпау шарасын таңдау мәселесі шешілуде. Сот сараптамасы тағайындалды», – деді.

Бұған дейін  Шымкентте жолаушылар автобусы 5 адамды қағып кеткені туралы жазған болатынбыз.