Ғалым әдебиет саласында оқу-әдістемелік кешендер мен бағдарламалар әзірлеген.
Әдебиетші ғалым Құныпия Алпысбаев қайтыс болды
1,519
оқылды

Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, әдебиеттанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Білім беру үздігі Құныпия Алпысбаев қайтыс болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Құныпия Алпысбаев 1949 жылдың 4 тамызында Қытайдың Баяндай ауылында дүниеге келген.

Қазақ мемлекеттік университетінің Филология факультетін тәмамдап, университет басшылығының ұсынысымен кәсіподақ комитеті төрағасының орынбасары, дайындық бөлімі деканының орынбасары, сырттай оқытатын филология факультетінің деканы қызметтерін атқарды.

1986 жылы «Қазіргі қазақ поэмасының жанрлық мәселелері» және 2000 жылы «Қазақ әдебиетіндегі тарихи шығарма: таным мен көркемдік» атты тақырыпқа докторлық диссертация қорғап, 2001 жылы профессор атағына ие болды.

Елде алғаш ашылған «әдеби шығармашылық» және «көркем аударма теориясы» секілді мамандарын дайындауда сапалы оқу-әдістемелік кешендері мен бағдарламаларын әзірлеген. 

Көптеген сын-зерттеу мақаласы жарияланған. Оның бірқатары шетелде, яғни Түркия, Қытайда басылған.