Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Америка, Еуропа, Азияның дамыған мемлекеттерін аралап, дүниежүзіне танымал кәсіпорын басшыларымен кездесіп, оларды елімізге жұмыс істеуге шақырып, ұлкен қызмет атқарып жүр..
Отандық тауар өндірушілерді қолдау қажет
syrboyi.kz
1,078
оқылды

Осындай жұмыстың нәтижесінде елімізде болмаған озық жабдықтармен жабдықталған шыны өндірісі пайда болды. Бұл туралы «Amanat» партиясы фракциясының депутаттары Мұрат Ергешбаев пен Мұрат Әбенов ҚР Премьер-министріне депуттаттық сауал жолдады.

Мен депутат Мұрат Әбеновпен бірге қаңтар айындағы сайлаушылармен кездесу барысында Қызылорда облысында орналасқан «Orda Glass Ltd»  кәсіпорнының жұмысымен таныстым «Orda Glass Ltd»  кәсіпорны еліміздегі жалғыз шыны зауыты. Жобаға инвесторлардың жеке қаражаты есебінен 46 млрд теңге құйылған, 373 адамды жұмыспен қамтып отыр. Зауыт іске қосылғаннан бері 173 мың тонна өнім шығарып, оның 70%-ы ішкі нарыққа сатылса, 30% көрші елдерге экспортталған. Бірақ қазіргі таңда шетелден келген шыны (импорт) көбейді. Себебі өзге елдердің үкіметтері отандық тауар өндірушілерге қолдаудың әр алуаны механизімін жасап отыр, мысалы қосымша құн салығын қайтарып беру, газ бағасын арнайы тарифпен төмен беру т.б. Осындай мемлекеттердің отандық өндірушіні қорғау әрекеттері арқасында импортталатын шыны бағасы төмен,-дейді депутат Мұрат Ергешбаев.

 

Жоғарыда аталғандар негізінде, құрметті Әлихан Асханұлы, жобаның еліміз үшін маңыздылығын ескеріп,  отандық тауар өндірушілерге қолдау жасап, төмен бағамен келіп жатқан өнімдерге зерттеу жүргізіп, шара қолданып, мемлекет бюджетінен салынып жатқан құрылыс  объектілеріне отындық шыныны пайдалануды талап ету арқылы, өзіміздің  отандық өндірушіні қолдауды сұраймыз,-дейді депутаттар.