Ержан Оразбеков 51 жасында өмірден өтті.
Белгілі жоғары шенді полицей Ержан Оразбеков қайтыс болды
Фото: Total.kz
4,062
оқылды

Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының экс-орынбасары, Алматы облысы ПД басшысының бұрынғы бірінші орынбасары Ержан Оразбеков қайтыс болды,  деп хабарлайды Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы саясаттанушы Ербол Еділов Telegram арнасында хабарлады. 

Ержан Оразбеков 51 жасында өмірден өткен. 

Еске салайық, 2021 жылы Ержан Оразбековтің көлігіне оқ атылған болатын. Оқиға Алматы-Өскемен тасжолында болған. Белгісіз біреулер Ержан Оразбеков отырған көлікке оқ атқан еді. Ол кезде Оразбеков Алматы облысы ПД басшысының бірінші орынбасары қызметінде болатын.