Ұлттық қордан балаларға алғашқы төлем түсті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қанша қаражат түскенін kids.enpf.kz-ке кіріп тексеруге болады.
Сонымен, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы бойынша балалардың арнайы шотына 100,52 доллар түсті.
2024 жылдан бастап Ұлттық қорға түсетін инвестициялық табыстың тең жартысы балалардың шотына аударылып, доллармен сақталады.
Бала 18 жасқа толғаннан кейін жинақтарды екі мақсатқа – тұрғын үй жағдайларын жақсартуға және (немесе) білім алуға пайдалана алады.