Бүгін Оңтүстік Кореяның Канвон қаласында өтіп жатқан қысқы жасөспірімдер олимпиадасының соңғы күні. Бұл күні жарыс жолына шаңғышылар Берік Боранбаева, Әубәкір Тотанов, Виолетта Митропольская мен Милана Мамедова шығады.
Мәре сызығы жақын
1,210
оқылды

Бұл додада Қазақстан намысын спорттың бес түрі мен 10 дисцип­лина бойынша 42 спортшы қорға­ды. Атап айтар болсақ, биатлон, керлинг, конькимен жүгіру, шорт-трек, шайбалы хоккей, шаңғы жа­рысы, шаңғымен тұғырдан се­кіру,  шаңғы қоссайысы, тау шаң­ғы­сы, фристайлдан параллель мо­гул бойынша бақ сынады. Біз­дің спортшылар 30 жолдама жеңіп алды. 2020 жылы Лозаннада өткен қысқы жасөспірімдер олимпиада­сымен салыстырғанда алға жылжу байқалады. Өйткені төрт жыл бұ­рын біздің құрама төрт спорт түрі бойынша 26 атлетті жарысқа қос­қан болатын. 

19 қаңтарда басталған қысқы жасөспірімдер олимпиадасына әлемнің 50 мемлекетінен жеті спорт түрінен (15 дисциплина) 81 медаль жиынтығы сарапқа салын­ды.