Ауа райына байланысты бірнеше аймақта жол жүруге тыйым салынды.
Жеті облыста жол жүруге шектеу енгізілді
Фото: ТЖМ-нен алынды
1,019
оқылды

31 қаңтар күні сағат 21.30-дағы ахуалға сәйкес ауа райының қолайсыздығына байланысты 7 облыста республикалық маңызы бар автожолдың 14 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы Aikyn.kz «Қазавтожолға» сілтеме жасап хабарлайды.  

Ақтөбе облысында – 2 учаске

1. «Самара-Шымкент» 776-965 км, Ақтөбе қ. – Қарабұтақ к. – 189 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. 

2. «Самара-Шымкент» 1153-1240 км, М-32 және А-26 жол айырығынан-Қызылорда обл. шек. 

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. 

Алматы облысында – 3 учаске

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 59-143 км, Жаңақұрылыс а. – Жамбыл обл. шек. – 84 км.

2. «Алматы-Шелек-Қорғас» 24-254 км, Панфилов а. – Жетісу обл. шек. – 230 км.

3. «Алматы-Өскемен» 25-72 км, ААП-Қонаев қ. – 47 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады (бұрқасын, шектеулі көрініс).

Жамбыл облысында – 3 учаске

1. «Алматы-Ташкент-Термез» 159-238 км, Кенен а. – Қайнар а. – 79 км.

2. «Алматы-Ташкент-Термез» 143-214 км, Қордай а. – Алматы обл. шек. – 71км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. 

3. «Алматы-Ташкент-Термез» 238-334 км, Қайнар а. – Мерке а. – 96 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. 

Жетісу облысында – 1 учаске

1. «Алматы-Өскемен» 124-254 км, Алматы обл. шек. – Талдықорған қ. – 130 км.

Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлеріне енгізілді. 

Қызылорда облысында – 2 учаске

1. «Қызылорда-Павлодар» 12-216 км, Қызылорда қ. – Ұлытау обл. шек. – 204 км.

2. «Самара-Шымкент» 1240-2055 км, Ақтөбе обл. шек.– Түркістан обл. шек. 

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. 

Ұлытау облысында – 2 учаске

1. «Қызылорда-Павлодар» 216-410 км, Қызылорда обл.шек. – Талап а. – 194 км.

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады. 

2. «Жезқазған-Петропавл» 252-335 км, Ұлытау к. – Қостанай обл. шек. 

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.

Қостанай облысында – 1 учаске

1. «Жезқазған- Петропавл» 252-335 км, Ұлытау обл. шек. – Арқалық қ. 

Шектеу автокөліктің барлық түрлері үшін қолданылады.